Қызыл жалынды сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 75 қызметкері мен 20 техникасы жұмдылдырылды.
Алматы қаласындағы қоймалардың бірінен шыққан өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр. Қызыл жалынды сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 75 қызметкері мен 20 техникасы жұмдылдырылды.
Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып KYN.KZақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Таңғы сағат 06: 03-де Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне Түрксіб ауданы, «Қайрат» ықшам ауданындағы Тәттімбетов көшесінде орналасқан қойманың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті”,-делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрттің ауқымды болғаны соншалық қою түтін Алматының шет жағында орналасқан Наурызбай ауданынан да көрініп тұрды.