Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мақпал Жүнісова: «Тойларға тегін барып жүрмін»

Мақпал Жүнісова: «Тойларға тегін барып жүрмін»
ашық дереккөз
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова тойға жиі тегін баратынын , қызына не себепті ақша жинамағанын түсіндірді, деп жазады KYN.KZ сайты. «Қазақтың ерке қызымын» деп әндетіп жүрген танымал әнші құда-құдағиларының тойларына жиі баратынын және олардан ақша талап етпейтінін, бұған дейін ақша жинамағанын, қызы Мерейге де өз бетімен ақша табуды үйреткенін айтып, ағынан жарылды. Әншінің айтуынша, бауырларының балаларына әлі күнге көмектесіп, ақша береді екен. «Тегін тойларға өте көп барамын. Өйткені менің құдаларым көп, құдағиларым көп. Біз көп ағайындылармыз. Сондықтан ол кісілерге «маған төлесін» деп айтпаймын ғой. Құданың құдасының құдаларына тегін барам. Содан кейін қалай ақша жинаймын. Сосын бәрін таратып беремін туғандарыма, жиен қыздарға. Бүкіл әулеттегі барлығының балаларының балаларының балаларын бағып жатырмыз уже. Өз қызыма көк тиын жинаған жоқпын. Қызым менен сұрады: «Мама, сен маған ақша жинап жүрген жоқсың ба» деп. Мен оған айттым: «Мен саған неге ақша жинауым керек? Менің әкем маған ақша жинаған жоқ. Менің әкем шопыр болған адам. Мені оқытты, мені дүниеге әкелді. Соған тәубе! Бәрін саған берсе, ертең нағыз «сорлы» боласың. Мен мәңгілік емеспін. Қазірден бастап өзің жоспар құрып, ақша табуды үйрен» дедім. Қызыма тек үйімді қалдырам», - дейді халықтың еркесі.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар