Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бақытгүл Хаменова сот үкіміне аппеляциялық шағым берді

Бақытгүл Хаменова сот үкіміне аппеляциялық шағым берді
ашық дереккөз
7 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытгүл Хаменова мен оның қорғаушысы апелляциялық шағым түсіру арқылы бірінші сатыдағы соттың шешіміне наразылық білдіргенін. Бұл турары Атырау облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KYN.KZ. «Бірінші сатыдағы сотқа Хаменовадан, оның адвокаты Вранчевтан апелляциялық шағым түсті. Бірақ іс әлі алқа қарауына берілген жоқ», - деп мәлімдеді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері. Айта кетейік, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға алдын ала келісім бойынша пара алды деген айып тағылып, сот үкімі де шыққан еді. Сот оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Облыстық соттың баспасөз қызметінің дерегі бойынша, Бақытгүл Хаменованың кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны өтеу үш жылға шегерілді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар