Басты жаңалықтар
Жүрсін Ерман: Отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын
- автор kyn.kz
- 3 желтоқсан, 2022
- 396
Ақын денсаулық жағдайына байланысты алғаш рет халық алдына шығып, ашық әңгіме айтты
Ақын Жүрсін Ерман ауыр сырқаттанып қалғаннан кейін алғаш рет көлемді сұхбат берді. Ол бүгінде еркін қозғала алмай отырғанын, алдағы уақытта Еуропаға барып ем алатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ "Таң Шолпан" бағдарламасына сілтеме жасап
"Тілім сау, көріп тұрсыздар. Бірақ анау ертегі болушы еді ғой сол сияқты "Отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын" деген болып қалдым. Жағдайым онша емес. Өзім қимылдай алмаймын. Барша Қазақстанның тілегі болар, алпыс ақын келді көңілімді сұрап.
Солардың тілегі шығар әйтеуір аманбыз. Қаншама айтыс жоспарлап қойып едім, бәрі тоқтады. Емдеп жүрген дәрігерім қолдан келгеннің бәрін жасады. Енді Еуропаға барып емделем деген тілегімді қолдап, жіберіп отыр. Мен құлағалы айтысқа баруға мүмкіндігім жоқ. Үлкен айтыс жоспарлағам, енді оларға ізбасарларымды жіберемін.
Құдам Тедросс Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының директоры екенін бүкіл елім біледі. Сол кісі клиника тауып мені шақырып отыр. Соңғы құжаттарым жасалып жатыр соны күтіп отырмын. Бәйбішем, қыздарымды ертіп сол Швейцарияға баражатырмыз. Бұйыртса емделемін. Шынын айтсам жағдайымның қандай екенін өзім де білмеймін",- дейді Ақын.