Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жахан Утарғалиев: Балжанды алғаш танысқанда орынсыз әзілмен ренжітіп, қыруар ақшаға соны түзеттім

Жахан Утарғалиев: Балжанды алғаш танысқанда  орынсыз әзілмен ренжітіп, қыруар ақшаға соны түзеттім
ашық дереккөз
Актер: Балжанға тізерлеп отырып ұсыныс жасасам, ағаларым мені кешірмейтін еді
Танымал әзілкеш Жахан Утарғалиев "Кешью" әншісі Балжан Бидашпен махаббат хикаясын Динара Сәтжанға әңгімелеп берді деп хабарлайды KYN.KZ. "Мен оны алғаш рет Стамбұл қаласында көрдім. Бұрындары әншілігін білетінмін. Клиптерін көріп жүрдім. Әзіл айтып қырындап, күлдіруге барынша тырыстым. Балжан еш күлмеді. Тіпті тексерілген күлкілі әзілдерді айта бастадым, қыздан реакция жоқ. Сосын, Балжан, құлағың естімейді ма? деп сұрадым. Сөйтсем ол маған "Ия, екі құлағымның да барабаны жарылып кетті. Осында соны емдету үшін келдім "деді. Ұялып кеттім. Өзімнің айыбымды шаю үшін сол ота қанша тұрады екен, біліп берші ақысын өзім төлеймін дедім. Енді қыз ұнап тұр, орынсыз әзілімді кешірсін деп барынша тырысып жатырмын. Сөйтсем ол ота 9  мың АҚШ доллары тұрады екен. Араға таныстарды салып жүріп 3 мың АҚШ долларына жасатуға келістік. Қалтамда еш ақшам жоқ. Сол кезде алматыдан үй салып жатқан едім. Стройканы бірден тоқтатып, Балжанның отасына салдым бар ақшаны. Одан  Стамбұлда тағы бір Қазақстанның адамын тауып ол отаның бағасын тағы арзандатып берді бізге. Содан артылған ақшаға екеуміз кәдімгідей қыдырып, демалып жүрміз. Қыз күннен-күнге ұнап жүр. Содан отырған жерімізге жақын маңда әшекей бұйымдар сатып тұр екен. Содан барып сақина алып бірден ұсынысты сол жерде жасадым. "Жоқ" десе сақинаны лақтыра салар деп ойладым. Сол жерде қолына кигізіп қойдым. Сыртқа шығып "Ойланайын" дейді. Жүрегім тас төбеме шықты. "Қазақстанға барып көрейік, ойланайын" дегені жүйкемді жұқартты. Ал оған да көндік деп елге келдік. Содан бітпеген үйіме ертіп бардым, бәрін көрсеттім. Соңында үш ай қасымда жүрген адам "Ойлануға уақыт бер" деді. "Ойланатын несі бар?" десем "Қазақстандағы Жаханды білуім керек" дейді. Бірнеше күнде ойланып келді, кездестік. Сол жерде келіп қолыма сақинамды ұстатты. Терлеп, қорқып кеттім. Сөйтсем "Қайтадан ұсыныс жасашы" деп тұр. Сол ұсынысты жасап "Иә" деген жауабын ақыры алдым ғой",-дейді актер. Актер "Джохан" фильмі үшін расымен де үйін сатқанын айтты. Көпшілік оның бұл сөзін хайп деген болатын. Бірақ әзілкеш үйін 60 млн теңгеге сатып, кинодан  850 млн табыс тапқанын айтты
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар