Басты жаңалықтар
Ақтау қаласында жойқын жарылыс болып, ер адамның қолы жұлынып кетті
- автор kyn.kz
- 5 желтоқсан, 2022
- 644
Оқиға болған 27 ықшамаудандағы №46 үй тұрғындарының мәліметінше, түскі уақытта пәтерлердің бірінде қатты дыбыс естіліп, жарылыстан терезелер ұшып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Жарылыс салдарынан аталған пәтерде тұратын ер адам қолынан айырылған. Тұрғындардың айтуынша, зардап шеккен ер адам – әскери қызметкер. Пәтерде отбасымен тұрады.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі жарылыс орнынан 1988 жылы туған ер адам жеткізілгенін хабарлады. Жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне орналасқан.
Әзірге жарылыс себебі белгісіз.
Келесі мақала
Атырауда мұз жарылып, ер адам суға батып кетті
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Су тасқынына дайындық: Шығыс Қазақстанда қар қатты еріп жатыр
- авторkyn.kz
- 24 наурыз, 2026




