Атырау қаласының маңында орналасқан Жұмыскер ауылы тұсында, Жайық өзенінде ер адамның мұз ойылып, суға батып кеткені белгілі болды. Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KYN.KZ.
«72 жастағы ер адам 10 жастағы немересін ертіп, мұз үстінде серуендеуге шыққан.
Кешкі сағат 21:10-да Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ер адамның денесін судан шығарған», - деп мәлімдеме жасады ТЖД.
Суға батқан 2012 жылғы ер бала жедел құтқарылып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілген.