Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерке Есмахан өміріндегі кейбір жағдайдың көзбояушылық екенін мойындады

Ерке Есмахан өміріндегі кейбір жағдайдың көзбояушылық екенін мойындады
ашық дереккөз
Өмірі жұрттың талқысына жиі түсетін Ерке Есмахан өміріндегі біраз дүниенің көзбояушылық екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Әлеуметтік желіде оқтын-оқтын сауалнама жүргізетін әнші бұл жолы оқырманнан түскен «Бәріне қалай үлгересіз» деген сұраққа жауап берді. Шоу-бизнез жұлдызы желіде белсенді болып көрінгенімен, оның бәрі өтірік екенін мойындады. «Қатты үлгере қоймаймын. Показуха менікі. Мен ұйқыдан тұрамын дегенше Алматының кептелісі басталып кетеді, 1-2 салон, шоппинг деген шаруаны бітіріп қайтамын. 24/7 телефондамын. Өйткені жігіт басқа қалада. Оның көңілін табу – үлкен шаруа. Шәй, тамақ деп қиналып жұмыс істеп жатқан мен жоқ», - дейді жігітінің шәлкез мінезді екенін меңзеген Ерке. Халықтың қалаулысы болып жүрген әнші шоу-бизнесте көптен көш ілері болғанымен, мектепте «озат оқушылардың» қатарынан табылмаған көрінеді. «Әйтеуір, үйтіп-бүйтіп оқып шыққаным есімде», - дейді ол.  width=
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар