Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда көлік ұрлап, қоқыс арасына тығылған күдікті құрықталды

Атырауда көлік ұрлап, қоқыс арасына тығылған күдікті құрықталды
ашық дереккөз
5 желтоқсан күні сағат 20:00 шамасында әйел адам полицияға өзінің Nissan Almera маркалы көлігі ұрланғанын хабарлады, деп жазады KYN.KZ сайты. Полиция қызметкерлері «Сергек» арқылы көліктің қаладағы Алиев көпіріне қарай жүріп бара жатқанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлерін жіберді. Полиция күдіктіні қуып жетті. Ведомствоның хабарлауынша, күдікті қарсы жолаққа шығып, жол апатына себепші болған. Полицейлерден жасырынуға тырысып, көлікті тастап, қоқыс жәшігіне тығылған. Күдікті ұсталды. Тексеру кезінде оның «автокөлік ұрлаушы» және «қалта ұры» санаттары бойынша есепте тұрғаны белгілі болды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар