Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда 13 жасар оқушы қызды зорламақ болған педофил ұсталды

Атырауда 13 жасар оқушы қызды зорламақ болған педофил ұсталды
ашық дереккөз
Бүгін таңғы 09.00-де Атырау қаласында жасөспірім баланы зорлауға ниеттенген педофил ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Атырау қалалық полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алып, дер кезінде оқиға орнына жетіп келген. Оқиға туралы полицияға қыздың көршілері хабар берген. «Анасы қызын көлікпен сабаққа алып бара жатқан, бірнеше минутқа сыртқа шығып кеткенін пайдаланған көлік жүргізушісі баланы алып кетті. Анасы дереу полицияға қоңырау шалып, «Сергек» камералары арқылы жылдам табылды», - дейді көрші-қолаң. Олардың айтуы бойынша, 13 жастағы жасөспірім қыз церебральды сал ауруы бар мүгедек. «Авангард шағын ауданында Reno Duster көлігін заңсыз басқарған ер адам көпқабатты үйлердің ауласында жасырынып, 13 жасар жасөспірім қызды зорламақ болған. Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел жетуінің арқасында қылмыс жасамақ болған ер адам ұсталды», - деп мәлімдеме жасады Атырау облыстық полиция департаменті. Күдікті көлікте іш киімсіз ұсталды. Қазір ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі бойынша «кәмелетке толмаған адамды зорлауға оқталу» фактісі негізінде тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар