Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ерке апасынан таяқ жемесе болар еді»: Мақпал Жүнісоваға пародия жасаған Айгүл Иманбаева елді сүйсінтті (видео)

«Ерке апасынан таяқ жемесе болар еді»: Мақпал Жүнісоваға пародия жасаған Айгүл Иманбаева елді сүйсінтті (видео)
ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде актриса әрі әнші Айгүл Иманбаеваның Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға пародия жасап тұрған бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Сахнада таспаланған бейнежазбада Иманбаева Мақпал Жүнісованың ән айтқанынан бастап, бүкіл жүріп-тұрғаны мен әрекетін айнытпай салып, елді сүйсінтіп, күлкіге де қарық қылды. Пародияны көрген жұрт Айгүлдің әрекетін жақсы қабылдап, оң бағасын беріп жатыр, ал кейбірі ұнатпай, мүлде ұқсата алмағанын айтып жатыр. «Келтіріп тұр ғой негізінде», «Аййй, ерке апасынан таяқ жемесе болар еді Айгуль», «Айнымайды», «Молодец», «Қоя қойшы, не болды сонда ұқсаттым деп отырсың ба», «Жоқ, келтіре алмайсың, актриса болсаң да. Мақпалды салу сен сияқтылардың қолынан келе қоймас», «Тамаша, даусы да, қылығы да аумайды», «Керемет», - дейді көпшілік. https://youtube.com/shorts/kh9yB-4yi0E?feature=share
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар