Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қошанов Бородавкиннің Қазақстан жайлы сұхбатына шүйлікті

Қошанов Бородавкиннің Қазақстан жайлы сұхбатына шүйлікті
ашық дереккөз
Ресейдің Қазақстандағы өкілетті елшісі Алексей Бородавкиннің Қазақстанға қатысты берген сұқбатына ҚР Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ. «Бородавкин мырзаның берген сұқбаттарын толық қарадым. Оның айтып отырғандары өзінің атақ-абыройына сай келмейді. Өте тәжірибелі дипломат. Ол кісіні бұрыннан жақсы білеміз. Не де болса, бұлай арандатушылыққа жол бермеуге тиіс еді. Ксенофобия Ресейде де, басқа елдерде де бар. Сол үшін біз екі елдің пайдасына жұмыс істеуіміз қажет», - деп өз ойын айтты Ерлан Қошанов. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресейдің Қазақстандағы өкілетті елшісі Алексей Бородавкин: «Әрбір қазақстандық екі аяқта нық тұруы тиіс: бірі мемлекеттік тіл – қазақ тілі, екіншісі, Қазақстан Конституциясында көрсетілгендей ресми тіл – орыс тілі. Бұл екі аяқтың екеуі де бірдей болған жағдайда ғана алға қадам баса алатынын ескеру керек», - деп қазақ халқының қазақ тілімен қатар орыс тілінде білсе, мықты болатынын алға тартқан еді ресейлік БАҚ-та берген сұқбатында.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар