Басты жаңалықтар
«Кардиологияда жатырмын»: Продюсер Гүлнұр Мамасарипова ауруханаға түсті
- автор kyn.kz
- 7 желтоқсан, 2022
- 813
«Келінжан» телехикаясының продюсері, журналист Гүлнұр Мамасарипова жүрегі ауырып, кардиология бөлімінде жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.
«Кешеден бері ауырып больницаға түсіп қалғанымды білмей қалмаңыздар. Кеше инстаға шама болмаған, бүгін тіріле бастадым. Уже анандай стористер сап бастадым ғой, байқаған шығарсыздар. Елдер система салдырса да, жыр ғып жатады ғой, мен кәдімгідей кардиологияда жатырмын, ал!
Жүрегім де, жаным да мықты деп ойлайтынмын, аказца олай емес екен... Жүрегіңді сақта», - деп өзінің аурухана жатқанын мәлімдеді.
Өзінің ауруханада жатқанын жұрт білмей қалмасын деп қалжыңаралас жазба жариялаған журналист бір құрбысының басынан өткен жағдайды айтып, құрбысының басына түскен жағдай өзінің де басына түскенін қаламайтынын айтады.
«Әнеугүні бір подругам нерві ауырып күйеуін, бала-шағасын блокқа жіберген ғой. Содан үш-төрт сағаттан кейін қайта шығарыпты. Сөйтсе өзін өліп-талып іздеген адам бомаған. «Өздерінің блокта екендерін де білмейді» дейді. Содан күйеуіне звондап: "Әй сен блокқа түскеніңді білесің бе?" - деп айғайлаған ғой, сөйтсе күйеуі: "Маңызды жиналыс боп жатыр, қайдағы блокты айтасың..." деп қоя сапты».