Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Оқушысына алтын білезік сыйлаған мұғалім «желіні жарды» (видео)

Оқушысына алтын білезік сыйлаған мұғалім «желіні жарды» (видео)
ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде тарих пәні мұғалімінің оқушысына алтын білезік сыйлап, жұртты шулатты, деп хабарлайды KYN.KZ cайты. «Тарих апайым «олимпиададан 1-орын алсаң, алтын алып беремін» деген болатын. Мен сөзімде тұра алмай, 2-орын алып қалсам да, «сен бас жүлдеге лайықсың» деп, бәрінің көзінше браслет с золотом сыйлады», - дейді оқушы қыз. Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары мұғалімнің әрекетіне екі түрлі баға берді. Бірі қолдаса, кейбірі мұның парақорлық пен жемқорлыққа жетелейтін жол екенін айтты. «Керемет. Мұғалім біледі кімнің сауатты екенін. Мотивация мощная», «Деградация, плохо! Восхищаться нечем», «Дұрыс болган», «Нағыз педагог», «Ерекше құрметтеймін сөзінде тұра алатын адамды. Мықтысыз мұғалім», «Баланы жастайынан пара алуға үйретуге болмайды», «Педагог барлық балаларды қызықтыра алу керек», «Керемет, оқушыларға қандай құрмет», «Алтына емес, басқа білімін арттыратын сыйлық болса, дұрыс болар еді», «Мотивация», - деп екітарапты пірік білдіруде жұрт. https://youtube.com/shorts/saZ5i758NqY?feature=share
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар