Басты жаңалықтар
Шымкенттік әйел 56 жастағы жездесінен қыз босанғанын айтты
- автор kyn.kz
- 8 желтоқсан, 2022
- 218
Шымкенттік Айнұр Исабекова 56 жастағы жездесінен қыз босанғанын айтты
Айгүл Исабекова 56 жастағы жездесінен аяғы ауыр болып, бала босанғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ сайты «Көреміз» ток-шоуына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, жездесінен көп қорлық көрген. Баласының жездесінен екенін болжап отырған ол, тіпті жездесінің баласы, өзінің туған бөлесі де зорлағанын жасырмады.
«Босанған күнге дейін жүкті екенімді білмедім», - дейді Айгүл.
Қыз босанған келіншек перзентханадан шығатын кезде Айнұрға ондағы қызметкерлер белгісіз бір құжатқа қол қойдыртып алғанын. Салдарынан бүгінде қызын іздеп, өлі не тірі екенін білмей отыр байқұс ана.
Ал Айнұрдың жездесі:
«Егер жасаған болсам, айтар едім. Қатысым болмаған соң, нені айтамын», - деп ақталып отыр.