Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бір мектептің екі бірдей оқушысы өзіне қол жұмсап, біреуі қайтыс болды (видео)

Бір мектептің екі бірдей оқушысы өзіне қол жұмсап, біреуі қайтыс болды (видео)
ашық дереккөз
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Үшбиік ауылындағы «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ екі бірдей оқушысы бір күнде бір орында өз-өздеріне қол жұмсап, біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ. Қайтыс болған Айқынның сыныптастарының сөзінше, бұған дейін 11-сыныптың ұлдары әлімжеттік көрсетіп, талай рет марқұмды соққыға жыққан. Ал оны білетін мұғалімдер мен мектеп басшылығы оқушыларға ешкімге айтпауын құлпақтарына құйып, жасырып келген. Оқиға болардан бір күн бұрын жоғары сыныптың ұлдары күш көрсетіп, төбелесуге дейін барған. Төбелес барасында бір оқушы ауыр жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген. Қалған екеуі өздеріне қол жұмсау үстінде табылған. Өкінішке қарай, біреуі қайтыс болған. Марқұмның туыстарының айтуынша, Айқын сабақты өте жақсы оқитын, тәртібі де жақсы бала болған. Түрлі байқауларда да бақ сынап, жүлделі орындарды иеленіп жүрген. Оқуда озат болған баласынан суицидті күтпеген ата-анасы мен бауырларының етегі жасқа толып отыр. https://youtu.be/iiktoTxOobY
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар