Басты жаңалықтар
Марқұм өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жары отбасының 5 жылдығына арнап жүректі елжіретер жазба арнады (видео)
- автор kyn.kz
- 9 желтоқсан, 2022
- 1.4k
Өткен қараша айында елордада көпқабатты үйде шыққан өрттен адамдарды аман алып қалып, өзі мерт болған мәрт өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жары Анеля Забикулин отбасы құрғанына 5 толуына жазба арнады, деп хабарлады KYN.KZ сайты.
«Бүгін біздің мерейтойымыз. Отбасы болғанымызға 5 жыл. Әдеттегідей бір-бірімізді құттықтап, ұзақ уақыт құшақтасып, кешімізді жоспарлауымыз керек еді. Саған «Бірге қартаяйық» деп жазылған бенто тортын, ал сен маған гүл сыйлауың керек еді.
Алайда бүгін сенсіз мына өмірде жүргеніме 19 күн. Жұмысыңда екі апта кезекшілікте болып, сосын ол жұмысыңды тоқтатқандайсың. Үрейдің жүректегі тереңдігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әрбір зат әр сантиметріне дейін саған байланған... Сені бір күні айналамнан, тіпті ондағы ұсақ-түйек дүниелерден табатын сияқтымын... Жай ғана бір жерге кетіп, үйге қайта оралатын сияқтысың...
Қазір тек сен туралы ойлаймын. Айтылмай қалған сөздер, бірге өткізе алмаған сәттер. Өміріміз әлі алда еді, бірге біраз дүниені жасағымыз келді.
Өмір «бұрын және кейін» деп бөлінетінін жиі еститінмін. Бірақ жай айтылған сөз деп ойладым. Енді тағы да өмір сүруді үйренуім керек. Дәл қазір маған күш беріп тұрған – қыздарымыз. Мен қыздарымыз үшін тырысамын. Бірақ екінші жартымды қалай толықтырамын? Айтшы! Білмеймін. Бір білетінім – сені сүю. Ес-түссіз. Мәңгі. Шексіз. Мені сонда күт».
https://youtube.com/shorts/QfETPKciWvQ?feature=share