Басты жаңалықтар
Айгүл Орынбектен жұмысындағы әлімжеттіктен шаршаған бір топ полиция қызметкері көмек сұрады (видео)
- автор kyn.kz
- 9 желтоқсан, 2022
- 633
Заңгердің айтуынша, Қазығұрт ауданы Ішкі істер бөлімінде жұмыс істейтін жігіттер өздерінің «Киллер» лақапты басшысы түсірілген бейнежазба жіберіп, өздерін кабинетке кіргізіп ұрып-соғатынын, қоқан-лоқы көрсетіп ақша сұрайтынын, киллер орынбасардан, тіпті генералдардың өзі қорқатынын айтқан, деп хабарлайды KYN.KZ.
«ҚР Ішкі істер министрлігі, Өзіндік қауіпсіздік басшысы Арман Саданов жұмыс істеуді қойған. Бұндай проблема шықса, өзара жәй іштен жауып қоя салатынын білген соң, мына қызметкерлер түн ортасында маған шығып отыр деп ойлаймын. Түркістан облысы мен Шымкент полиция қызметкерлерінің ішкі құрамдағы жағдайдың мәз емес екенін, бір емес бірнеше рет Марат Ахметжановқа тікелей айтқым келген. Бірақ ол кісі тыңдағысы келмеді ме, мені қабылдамады. Полиция қызметкерлерінің өздері осылай таяққа жығылып, құқықтары тапталып жатса, олар халықтың құқығын қалай қорғайды?
Қазығұрт полициясының қызметкерлір «киллер» басшысының жұмыста ылғи «шорты-майкамен» жүретінін де айтқан. Оны естіген заңгер ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтан көмек сұрап отыр.
«Берік Асылов мырза, тексеру жіберіңіз, жеке құрамның өздерін жинап сұрасаңыз, бәрін айтып береді. «Ақша жинаудан, таяқ жеуден шаршадық», деп отыр формадағы жігіттер.
Дұрыс, жігіттер! Үндемей отырмаңдар, шығып айтыңдар! Білем, жоғарыдағылардың құлақтары керең. Маған айтыңдар. «Әділетті Қазақстанды» бірге құрамыз», - дейді Айгүл Орынбек.
https://youtu.be/ReDC3akM2Ww
https://youtube.com/shorts/jWw0oRneIZQ?feature=share
Келесі мақала