Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Украиналық азаматша қазақ халқына алғыс айтып үндеу жасады (видео)

Украиналық азаматша қазақ халқына алғыс айтып үндеу жасады (видео)
ашық дереккөз
Украина азаматшасы TikTok желісінде бейнежазба жариялап, қазақ халқына деген құрмет пен сүйіспеншілігін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Азаматша сөзін бастар алдында қазақ тілін білмейтінін, ойын орыс тілінде жеткізсе, түсініктірек болатынын ескертті. "Қазақтарға деген сезімімді, сыйластығымды сипаттау үшін қандай сөз қолдануды да білмей отырмын. Соғыс кезінде біз үшін, украиналықтар үшін қаншалықты көп дүние жасағандарыңызды өздеріңіз де білмейтін шығарсыздар. Бұған дейін украиндар мен қазақтардың ағайын екенін айтқан емессіздер, бірақ біздің қайғымызға ортақтасып, біз үшін істегендеріңіз – нағыз бауырластықтың, адамгершіліктің белгісі. Үйімізде жылу жоқ кезде жылытқан сіздердің жүректеріңіз, жарық жоқта үйімізді жап-жарық еткен де сіздер сыйлаған сәуле. Соғыс жақын арада аяқталады және біз жеңіске жетеміз деген үміттемін. Сосын бізге қонаққа келіңіздер, біз сіздерге келеміз. Мен сіздерді жақсы көремін», - дейді бейнежазба авторы. Бейнежазбаға мыңдаған украиндықтар пікір білдіріп, Қазақстанға алғысын айтып жатыр. «Сіздерге, Ұлы Қазақ халқына тағзым», «Бейнежазба авторын қолдаймын. Қазақтар, Сіздерге шексіз құрмет! Алға Қазақстан, алға Украина», «Қазақтар ешуақытта ешкімді орта жолда тастаған емес, біз шешендер қазақтардың мейірімділігін көрдік, сезіндік. Рахмет сіздерге, бауырларым». https://youtu.be/HWyGPNhbFxg
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар