Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ресейлік әншінің Қарағандыдағы концерті болмайтын болды

Ресейлік әншінің Қарағандыдағы концерті болмайтын болды
ашық дереккөз
Қарағанды филармониясы ресейлік әнші Лариса Долинаның концертін ұйымдастырудан бас тартты. Бұлай шешім қабылдауына тұрғындардың жаппай наразылығы себеп болды, деп хабарлайды KYN.KZ. «Мұндай шараларды коммерциялық құрылымдар ұйымдастырады. Дәл қазіргі уақытта Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі мен ұйымдастырушылар арасында Лариса Долинаның цирк ғимаратында концерт өткізуі жайлы екіжақты келісімді растайтын құқықтық құжат жоқ. Жарнамада осы іс-шараны өткізу және ұйымдастырушылар туралы жалған ақпарат бар», - дейді филармония қызметкерлері. Еске сала кетейік, қарағандылықтар Украинадағы соғысты, жалпы Путиннің саясатын қолдайтын ресейлік әнші Лариса Долинаның Қазақстанға келуіне, концерт беруіне жаппай қарсы шыққан еді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар