Басты жаңалықтар
Айнұр Тұрсынбаева мен бір топ меценат бірігіп жас әнші Кенжебекке 3 бөлмелі пәтер алып беретін болды
- автор kyn.kz
- 12 желтоқсан, 2022
- 289
Қарағандылық талантты әнші Кенжебек Нұрдолдайға ақын Айнұр Тұрсынбаева бастаған «Меценат қыздар» клубы, сондай-ақ халық арасындағы көмектесуге ниет білдірген еріктілер бірігіп, 3 бөлмелі пәтер сыйлайтын болды, деп хабарлайды KYN.KZ. Түркияның Стамбұл қаласындағы біліктілігі жоғары дәрігерлермен жұмыс істейтін Сәтжан Тоқтарбай туғаннан жарық дүниені көре алмай келе жатқан Кенжебектің көзін емдетуді өз мойнына алды. Әншінің айтуы бойынша, дәрігерлер оған көру нервінің атрофиясы диагнозын қойған. «Кеше ютубты ақтарып отырып Кенжебекті тауып алдым... Содан неге екенін білмеймін еңіреп жыладым... Бүгін қайталап көрдім, тағы жыладым. Баланың тазалығына, пәктігіне тәнті болдым... Тап-таза пейіліне, былғанбаған пейіліне сүйсіндім. Түгел әнін тыңдадым! Түгел сұқбатын көріп шықтым. Маған ең ұнағаны «Мен өзімді көзім көрмейді деп есептемеймін. Шектеу тек адамның миында екен. Адам қаласа барлық арманы орындалады» деген сөздері!
Әлемді мойындатып тұр ғой бұйырса. Бүгіннен бастап мен Кенжебектің (@mr.kenjebek) жанкүйерімін. Түгел жазылайықшы. Қолдайықшы! Мынау қорқынышты қоғамда осындай періштедей балалар ғой әлемді тазалап тұрған...», - дейді Айнұр Тұрсынбаева.
Оның айтуынша, Instagram желісінде Кенжебекпен болған тікелей эфирде бір жарым сағатта пәтер үшін 18 млн жиналған.
Келесі мақала