Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда көліктердің қалай заңдастырылатыны айтылды

Қазақстанда көліктердің қалай заңдастырылатыны айтылды
ашық дереккөз
Қазақстанда көліктерді заңдастыруға қатысты сұрақтарға Ішкі істер министрлігінің өкілі жауап берді, - деп хабарлайды KYN.KZ сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген шетелдік көліктерді бір реттік заңдастыруды жариялаған болатын. Ішкі істер министрлігі қазір заңдастыру жұмыстары қай кезеңде екенін айтты.
«Қазіргі уақытта заңнамаға қажетті өзгерістер енгізіліп жатыр. Парламент Салық кодексіне шетелдік көлікті бастапқы есепке алу 200 мың теңге деген түзетулерді қабылдады. ІІМ жария етуді жүргізудің тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірлеп жатыр. Аталған жоба 29 қарашада жария талқылау рәсімінен өту үшін ІІМ ресми сайтында орналастырылды», — деді ІІМ ӘПК төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.
Төменде Қазақстандағы көліктерді заңдастыру туралы Ішкі істер министрлігі өкілінің жауаптары берілген: Қандай көліктер заңдастыруға жатпайды? Іздеудегі және кедендік ресімдеуден өтпеген, сондай-ақ 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін әкелінген көліктер. Қазір Қазақстанда қанша шетелдік көлік бар? Қазақстанда тұрақты орналасқан шетелдік көліктердің саны туралы нақты дерек жоқ. Бірақ біз биылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде 300 мыңнан аса шетелдік көлікке сақтандыру полистері берілгенін анықтадық. Көліктерді сақтандырудың ең көп саны Ресей Федерациясынан — 260 мыңға жуық, Қырғызстаннан — 25,5 мың және Армениядан — 18 мың көлікке берілген. Шетелдік көліктерді заңдастыру қашан басталады және ол қанша уақытқа созылады? Заңдастыру қажетті заңнамалық өзгерістер енгізіліп, Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданғаннан кейін басталады. Заңдастыруды алты айдың ішінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Көліктің Қазақстанға кіретін күні қалай анықталады? Кіру күні ҰҚК Шекара қызметінің мәліметтер базасы бойынша анықталады, бүгінде бұл процесс толығымен автоматтандырылған. Шекара қызметiнде көлiк құралын әкелу туралы мәлiметтер болмаған жағдайда, көлiк құралының Қазақстан Республикасында нақты болған күнi көлiк құралын сақтандыруды алғашқы тiркеу күнiмен айқындалады. Қазақстанда заңдастыру аясында азаматтар «оң рөлді» көліктерді тіркей ала ма? Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы заңдастырудың екі критерийін атап көрсетті: біріншісі — көліктерге іздеу жарияланбауы керек, екіншісі — кедендік ресімдеуден өтуі керек. Көрсетілген көліктер оларға сәйкес келсе, оларды тіркеуге ешқандай кедергі болмайды. Автокөліктерді шығарылған жылы және экологиялық класы бойынша заңдастыруға шектеу қойыла ма? Заңдастыруға жататын көліктер үшін жасы мен экологиялық класы бойынша талаптар қойылмайды. Қазақстанда уақытша тіркелген «армениялық» көліктерге «сары» нөмір беріліп, заңдастырыла ма? Елімізде уақытша тіркелген «армениялық» көліктер де заңдастыруға жатады. Олардан кедендік декларациясы талап етілмейді, өйткені 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар Еуразиялық экономикалық одақтың тауары. Заңдастыру үшін қанша төлеу керек? Негізгі төлем — бастапқы тіркеу жарнасы 200 мың теңге. Қалған төлемдерге тіркеу куәлігі мен тіркеу нөмірі үшін алымдар кіреді, ол үшін тағы 13 171 теңге төлеу қажет (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркеу нөмірі мен тіркеу куәлігі үшін төлем сомасы аздап өзгереді, өйткені баж салығы АЕК-ке байланысты есептеледі). Заңдастыру процесі қалай өтетінін қысқаша сипаттай аласыз ба? Заңдастыруға өтінішті «электрондық үкімет» порталы арқылы немесе Арнайы ХҚО-ға жеке өтініш арқылы беруге болады. Ұсынылған құжаттар мен көлік құралын іздестіру базалары бойынша тексергеннен кейін автокөлік нөмірленген бірліктерді салыстырып тексеру үшін Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығындағы тексеру пунктіне беріледі. Одан кейін 200 мың теңге көлемінде бастапқы жарна, техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баж салығы, сондай-ақ қажет болған жағдайда кедендік баж салығы төленеді. Тіркеу бекітілгеннен кейін көлік иесіне қазақстандық тіркеу куәлігі мен мемлекеттік нөмір беріледі.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар