Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ұлтымыздың киімін қорлағаны үшін жауап бергенін талап етемін»: Белгілі дизайнер жалаңаштанған боксерға сәукеле кигізіп елдің ашуын тудырды (видео)

«Ұлтымыздың киімін қорлағаны үшін жауап бергенін талап етемін»: Белгілі дизайнер жалаңаштанған боксерға сәукеле кигізіп елдің ашуын тудырды (видео)
ашық дереккөз
Танымал дизайнер Аида Кауменова әлеуметтік желіде face-to-face рәсіміне қатысқан боксер Ангелина Лукастың денесін жалаңаштап қазақтың ұлттық киімін киген видеосын жариялап, жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды KYN.KZ. Отандық дизайнердің бұл әрекетіне қатты ыза болған тарихшы-этнолог Тұрар Сәттарқызы Facebook желісінде пікірін білдіріп, ұлттық құндылықтарды қорғайтын заң қажеттігін алға тартты.  width= «Неткен намыссыз ұлт едік. Қорланбаған неміз қалды, осы?! Нағыз қазақтың мықты қызы,-деп жатыр екен мына сорақылықты белгілі дизайнер Аида Кәуменова. Аида, ұлттың, қазақ қызының тазалығы мен адалдығының, ұяты мен арының символы болған сәукелесін қорлап, тырдай жалаңаш қызға кигізіп, нағыз қазақ қызы деуіңіз, ар мен ұятты бәрінен биік қоятын, барша қазақ қыздарының намысын таптағаныңыз. Қазақ қызы қашан ұлттық киімді жалаңаш денесіне киген екен? Сакралды маңызы бар ұлттық ою-өрнектің киесі бар деген ұлт емес пе едік?! Ел қалаулылары болып жүрген депутат мырзалар, ханымдар! Қашанғы ұлт символдарын осылай қорлауға жол бере береміз? Намыстарыңыз бар ма, өзі? Ұлт құндылығын қорғай алмасақ, несіне ұлт болып жүрміз? Ел ертеңіне алаңдасақ, ұлттық құндылықтарымызды қорғайтын заң керек», - деді этнолог.  width= Дизайнердің бұл әрекетіне желі қолданушылары да қарап қалмай, тиісті жауабын берді. «Аиданың киімдері осы мүлдем ұнамайды! Бір керемет дүниесін көргем жоқ! Елден көргенінің бір жерін өзгертіп шығара қояды! Мына образды дүйім жұртқа қай жерімен ойлап тапты екен», «Салт білмеген соң сол ғой. Сәукелені жауға шапқанда емес, тұрмысқа ұзатыларда киген», «Бокске шыққанда киімі шешіліп қалады деп қорықпай ма екен? Спорт киіміне мүлде ұқсамайды», «Сәукелені қорлап бітті ғой. Басқа бас киім ойланып табу еді», «Қазақтың киімін қорлады ғой», «Алла сақтасын қандай анадан туган қыз ұяттан безген қатын», «Ара қыздың ұяты мықты екен. Бұты жабық, үсті де тым ашық емес». https://youtube.com/shorts/qLM8zsbRoGs?feature=share
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар