Басты жаңалықтар
Тоқаев: Алдағы жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы мүмкін
- автор kyn.kz
- 12 желтоқсан, 2022
- 227
Президент Әкімдер мен Үкіметке халықтан көптеген шағымдар түсіп жатқанын айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жыл бұдан да қиын болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы халық тарапынан үкімет пен әкімдердің жұмысына қатысты арыз-шағым түсіп жатқанын ерекше атап өтті.
"Халықтың сөзінің жаны бар. Өйткені шын мәнінде күн көру қиындап барады, баға шарықтап өсуде. Қаладағы және ауылдағы тұрғындардың өмірі үшін аса маңызды инфрақұрылымның тозығы жеткен, тіпті, мүшкіл халде десек те артық емес. Мұндай кезде қол қусырып, жайбарақат отыруға болмайды. Осындай жағдай бәрімізге қауіп төндіретіні анық. Оның үстіне, келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін", - деді Тоқаев.
Айта кетері, ұлттық банктің болжамы бойынша келесі жылдың басында инфляция шарықтау шегіне жетеді.