Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Актер «Қазақфильм» киностудиясының былығын ашып берді (видео)

Актер «Қазақфильм» киностудиясының былығын ашып берді (видео)
ашық дереккөз
«Қазақша бизнес», сондай-ақ «Рэкетир» фильмдерімен танымал қазақстандық актер Жан Байжанбаев «Қазақфильм» киностудиясының басшылығын сынға алды. Сонымен қатар оларды студияның қазіргі халге түсуінде айыптады, деп жазды KYN.KZ. Байжанбаев киностудияда 44 жыл жұмыс істегенін атап өтті. Алайда студияның соңғы 15 жыл ішіндегі жағдайы өте нашар екенін, себебі прогресс жоқ және шығармашылық емес, ақша бірінші орынға қойылатынын жасырмады. «Мынадай жеңіл киноларға қалай түсесің» деп сұрайды менен. Маған студия рөл ұсынып жатыр ма? Сүйікті ата-ананың сүйкімсіз баласы сияқтымын. Сіздер тек продюсерлер мен режиссерлердің мәселесін шешіп жүрсіздер. Себебі кинематографтар, бәріңіз бизнесменсіздер. Актерлер мен актрисалар туралы мүлде ұмыттыңыздар. Актерлер – киноның айнасы. Жұрт бізді таниды, сіздерді емес», - деді ағынан жарылған актер. Жан Байжанбаев студияның құлдырауына емес, тек қазақстандық киноның өркендеуіне тілектес екенін жеткізді. https://youtu.be/qIw_ryMEgQ0
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар