Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қазақфильм» актер Жан Байжанбаевтың сынына жауап берді

«Қазақфильм» актер Жан Байжанбаевтың сынына жауап берді
ашық дереккөз
Бұған дейін актер «Қазақфильм» туралы сыни пікір білдірген еді. Оның жасаған мәлімдемесі көпті алаңдатты. Бұл туралы KYN.KZ хабарлады. «Маған қарап тұрған жас ұрпақтың алдында ұяламын. Менен: «Неге сіз осындай жеңіл картиналарға түсесіз» деп сұрайды. Ал мені «Қазақфильм» киностудиясы киноға шақырып жатыр ма? Сүйікті ата-ананың сүйкімсіз баласындай болдым», - деді Жан Байжанбаев. «Киностудия әрдайым кино ардагерлерін және кино әлеміне тікелей қатысты адамдарды қолдайды. Киностудия басшылығы актерлерді кинодағы рөлдерге бекітпейді. Орындаушыларды режиссерлердің өздері таңдайды. Біз тек фильмдер үшін түрлі алаңдар мен техникалық мүмкіндіктер береміз», - деп түсіндірді «Қазақфильм».
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар