Басты жаңалықтар
Мектеп оқушыларына діни дәріс оқыған мұғалім жұмыстан шығарылды (видео)
- автор kyn.kz
- 12 желтоқсан, 2022
- 816
Бейнежазба Алматы қаласында орналасқан 176 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі тарапынан түсірілген. Алматы қалалық білім басқармасы мұғалімнің бұл мектепте 2009 жылдан бері жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Мұғалімнің айтуынша, бұл діни тақырыпты сабақ басталмай тұрып, 15 минут бұрын өткізген. Кейін WhatsApp мессенджеріндегі ата-аналар чатына жүктеген және өз статусына салған. Мұндай жағдай бір рет қана тіркелген. Орын алған жағдайға байланысты білім басқармасы тарапынан комиссия құрылып, мұғаліммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деді басқарма өкілдері.
Болған жағдайдан кейін мұғалім өз еркімен жұмыстан шықты.
https://youtu.be/ZgIKlTudKJc
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді
- авторkyn.kz
- 25 қыркүйек, 2026




