Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбе саяжайларында мыңға жуық отбасы жылусыз отыр

Ақтөбе саяжайларында мыңға жуық отбасы жылусыз отыр
ашық дереккөз
Ақтөбенің саяжайлы аймағының тұрғындары облыстық әкімдікке қақаған қыстың аязында жылудың жоқтығына шағымданды. Тұрғындар аймақ басшысының қабылдауына кіре алмай,  әкімдік қызметкерлерімен ғана кездесе алды, деп хабарлады KYN.KZ. «Үй суық, қыстыгүні газдың қиындығы бар», – деді Ақтөбе тұрғыны Махаббат Тезекбаева. Көпбалалы ана әкімдікке баласымен келді. Махаббат Тезекбаеваның бес баласы бар, барлығы суық тиіп, ауырып жатыр. Қала шетіндегі 36 үйдің тұрғындары да дәл осындай жағдайда отыр. Олардың айтуынша, түнде минус 27-ге дейін төмендейді, сыртқы киіммен жатпасаңыз, үсіп қалуыңыз мүмкін. Басшылардың айтуынша, газ құбырындағы қысым жетіспеушілігі олардағы тарату желілерінің өткізу қабілетінің төмендігіне байланысты пайда болған. «Кінәлілер тиісті жазаға тартылады», – деп уәде берді Ақтөбе әкімі Жангелді Әубәкіров.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар