Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев планетамыздағы ең бай адамды қабылдады

Тоқаев планетамыздағы ең бай адамды қабылдады
ашық дереккөз
Мемлекет басшысы елордада Adani Group компаниясының президенті Гаутам Аданиді қабылдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Кездесу барысында ұзақ мерзімді және стратегиялық маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі қаралды. «Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Adani Group көпұлтты конгломератының өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жоспарларын құптады. Президент Қазақстан көлік саласын әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын және Транскаспий халықаралық көлік бағытын белсенді дамыту жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті», - делінген ҚР Президенті баспасөз қызметі мәлімдемесінде. Сондай-ақ Гаутам Адани өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстанмен энергетика, мұнай-химия және жаңартылған энергия көздері сияқты экономиканың басқа да маңызды секторларында ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін де жеткізді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар