Белгілі дін өкілі, марқұм уағызшы Абдуғаппар Сманов жер қабылдамаған акушер жігіттің оқиғасы жайлы баяндап берген еді, деп жазады KYN.KZ.
Ер жігіттерге акушерлікпен айналысудың харам екендігін ескерте отырып, ол іспен тек әйел адамдар айналысып, ер азаматтар өздеріне басқа кәсіп таңдауы керектігін ескертеді.
«Сахабалар «зинадан сақтаныңыз, зинада алты зиян нәрсе бар, соның үшеуі осы дүниеде» деді. Біріншісі – ризық кеміп кетеді, береке болмайды, зинақормен ажал ерегіседі. Осыдан үш жыл бұрын акушерлікпен шұғылданып жүрген бір жігіт жас қызбен зина жасап келе жатып жол апатынан өлді. Өлген жігіттің жаназасы сағат 3-те шығарылатын болды. Бірақ сағат 3-те оның қабірін қазып бітпеген еді. Сағат 4 болды, әлі де қабірі қазылып бітпеген еді. Жер тас болып қатып қалған. Ондай адамдарды жер де қабылдамай қояды. Өзі әрі акушер, әйелдерді тудыратын еркек. Қабірді әрең дегенде түн ортасында қазып бітіріп, сонда да соңына дейін бітпей, жартылай қазылған қабірге көмілді.
Егер әйелді тудыратын сол еркектен басқа әйел адамда ондай білім болмаса, сонда ғана еркек ол міндетті атқара алады. Бірақ бізде бұл салада істейтін әйелдер көп. Бұл салада әйелдер жүрген соң ол еркек үшін харам болып есептеледі», - дейді уағызшы.