Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте бір отбасын қырып салған қанішерге ең ауыр үкім шықты

Шымкентте бір отбасын қырып салған қанішерге ең ауыр үкім шықты
ашық дереккөз
Үкім оқылып жатқанда үш адамды өлтірген қаныпезер тіпті селт еткен жоқ.
Судья Әбсаттар Шайхидтинов Олег Власкинге өмір бойғы түрме жазасына кесті,- деп жазды КТК арнасы. Ал, қылмысқа кәдімгі компьютер ойыны себеп болған. 26 жастағы Власкин мен оның  қолынан өлген 21 жасар Александр компьютер ойнап, Александр оған 250 мың теңге қарыз болып қалады. Берешегін қайтармайтынын айтқан соң Олег Власкин ақшаны қалай да алуға бекінеді. Жымысқы жоспар бойынша ақпанның 8-і күні танысының үйіне барғанда, есікті оның 13 жасар інісі ашады. Оның қолына түскен ауыр мүсіншемен ұрып өлтіріп, артынша ағасы мен 50 жастағы анасын да жайратқан. Сөйтіп, үйдегі компьютер, екі қалта телефоны мен 50 мың теңгені алып, із суытқан оны полицейлер екі күннен кейін Тараз қаласынан ұстаған-ды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар