Басты жаңалықтар
Бойжеткеннің безеу деп ойлағаны бірнеше жерге орын ауыстырып жүрген құрт болып шықты
- автор kyn.kz
- 28 маусым, 2018
- 3.2k
Жәндік екі апта бойы қыздың қасына, шекесіне, соңында ерніне ауысып жүрген
Ресей тұрғыны ерніндегі ісікті безеу деп ойлағаны тері астында жәндік болып шықты деп KYN.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бойжеткен екі апта бойы ернінің үстінен шыққан ісікпен күрескен. Ең алғаш рет тері астындағы қимыл көз алдында болған.
Он күннен кейін ернінде безеу кеткен, алайда орнында үлкен ісік қалып қойған. Өзінің айтуынша ернінің үстінде кейде күйген сияқты болып ауырғанымен, басқа ешқандай белгілер болмаған. Дәрігерлер қыздың терісінің астында құрт бар екенін анықтып, хирургиялық операция жасап, алып тастады.
Сонымен қатар бойжеткен біраз күн бұрын ауылға барғанын және сонда жәндіктердің көп шаққанын да жасырмады.