Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыдағы Ush-Qonyr тұрғынүй кешеніндегі кейбір пәтерлер екі рет сатылды

Алматыдағы Ush-Qonyr тұрғынүй кешеніндегі кейбір пәтерлер екі рет сатылды
ашық дереккөз
Ush-Qonyr элиталық тұрғын үй кешеніндегі пәтер сатып алушылар мен құрылыс салушылар арасында Lider Group Consalt жылжымайтын мүлік агенттігі делдалдық еткен. Агенттік тұрғын үй құнының 20% төленген соң үй иелеріне пайдалануға берілетініне кепілдік беріледі деп уағдаласқан, деп хабарлайды KYN.KZ. Осы орайда тұрғын үйдің құны – бір шаршы метрі 440 мың екенін атап өткен жөн. Алайда келісімге қол қойылғаннан кейін салымшылардың келісімінсіз бағалар бірден көтеріле бастаған. Делдал компания клиенттермен ішінара меншік құқығы туралы келісімшарт жасаспай,тек брондап қана қойған. Қазіргі таңда құрылыс салушылар Lider Group Consult-пен келісімшартты бұзып, салымшылар бронсыз қалып отыр. Жылжымайтын мүлік агенттігінің өкілдері инвестицияланған ақшаны қайтарғанын, бірақ пәтерлерді алып беруге уәде ете алмайтынын жеткізді. Өйткені агенттік құрылыс салушылармен жұмысын аяқтаған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар