Басты жаңалықтар
Ақмола облысында тоғыз айлық қызы мен әйелін өлтіріп Ресейге қашқан ер адам ұсталды
- автор kyn.kz
- 14 желтоқсан, 2022
- 240
Жантүршігерлік қылмыстың беті төрт жылдан кейін ашылды. Өз отбасын өлімге қиған Атбасарлық ер адам 2018 жылы тоғыз айлық қызын өлтіріп, денесін құдыққа тастаған. Арада екі жыл өткен соң қанды қылмысын біліп қойған жұбайын да өлтіріп, кілемге орап, үйіне жасырған. Ал өзі Ресейге тайып тұрған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.
2-3 жылдай уақыт бұрын ақпан айында құбыр жөндеп жүрген жұмысшылар құдықтан шүберекке оралып қапшыққа салынған сәбидің денесін тауып алған. Полиция қызметкерлері баланың анасын іздеп таба алмаған. Тек екі жылдан кейін әйелдің де мәйіті жалдамалы пәтерден шыққан. Атбасарлық тұрғын әйелі Елена Халдееваны 13 жерінен пышақтаған. Мәйітті сараптамадан өткізу нәтижесінде қылмыс айшықталды. 29 жастағы қылмыскер Қазан қаласында ұсталып, кінәсін толық мойындады.
«Қылмыс жасағаннан кейін бірден көрші мемлекетке қашып кеткен. 2020 жылы мемлекетаралық іздеу жарияланды. ҚР ҚК 186-бабымен қылмыстық іс материалдары қылмыстық қудалауды одан әрі жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясының Бас прокуратурасына жіберілді», - деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі Әсем Әбдікәрімова.