Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістанда студент банктердегі қарызын жасырып, үйдегі малға иелік ету үшін өз әкесін пышақтап өлтірмек болды

Түркістанда студент банктердегі қарызын жасырып, үйдегі малға иелік ету үшін өз әкесін пышақтап өлтірмек болды
ашық дереккөз
Ол бірнеше жылдан бері заттай несие алып, оны ақшаға айналдырып банктерден қашып жүрген
Оқиға  Түркістан облысы Төлеби ауданында болған. Жұмыссыз жас жігіт түрлі тауар сатып алу үшін банктен несие алған, кейін оны қайтара алмаған. Банктерден қарыз екенін отбасынан жасырған әрі оны қылмыстық жолмен шешу үшін өзіне сыбайластар тауып, туған әкесін пышақтап өлтіруге оқталған, деп жазды KYN.KZ. Қорада бір қой өлейін деп жатыр деген сылтаумен қора жаққа шақырып, пышақ ұрған. Түркістан облысы сотының хабарлауынша, сотталушылар Е., Б., У. және Т. 2021 жылғы маусым-тамыз айлары арасында банктердің бірінің Төлеби ауданындағы филиалынан маусым-тамыз айлары аралығында бірнеше рет тауарлай несие алған. Жалпы сомасы 1 028 398 теңге болған. Алайда, жұмыссыз болғандықтан, ай сайын оны қайтара алмаған. «Сотталушы Е.-нің  әкесі 1979 жылы туған К. қатал болғандықтан одан ақша сұрай алмаған және несиесін айтуға қорыққан. Содан несиеден құтылу және пайда табу мақсатында әкесін қасақана өлтіріп, мал шаруашылығын иемдену ниеті болған. Қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында алдын ала сөз байласқан таныстары Б., У мен Т. сотталушының тікелей тапсырысы бойынша әкесін қасақана өлтіру үшін жәбірленушінің үйіне келген. Содан қорада бір қой өлейін деп жатыр деген сылтаумен жәбірленушіні қора жаққа шақырып, есігін ашқан Кемеловтың денесіне ретсіз пышақ ұрған. Жәбірленуші өз өміріне қауіп төніп тұрғанын сезіп артқа шегініп, күрек сабымен қорғана бастаған. Салдарынан жәбірленуші ауыр жарақат алған», – деді Түркістан облысы сотының баспасөз қызметкері Әсет Серікбаев. Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің жауабы мен сараптама қорытындылары, оқиға болған жерді қарау және беттестіру хаттамалары, сонымен бірге заттар арқылы дәлелденген. Сотталушылар кінәсін ішінара мойындап, өздерін бас бостандығынан айырмауды сұраған. Сот үкімімен сотталушылар жоғарыда аталған қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жасалған әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін және сотталушылардың жеке басын ескере отырып, нақты бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды: Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 28-бабы 2-бөлігі 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 7), 8) тармақтарымен  сотталушылар Е-ге, Б-ға, У-ға 11 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Ал сотталушы Т-ға 5 жыл 7 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сотталушылардың тағайындалған жазалары қылмыстық-атқару жүйесінің  қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеуді белгілеген. Сотталушылар Е.-ге, Б.-ға. У.-ға қатысты сот үкімі заңды күшіне енген. Ал сотталушы Т.-ға қатысты сот үкімі заңды күшіне енбеген.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар