Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкенттіктер шұрқ тесік тұрғын үй қабырғасын қопарып тастады

Шымкенттіктер шұрқ тесік тұрғын үй қабырғасын қопарып тастады
ашық дереккөз
Тұрғындар қабырғаларының арасынан жел кіріп тұрған баспанасын балғамен ұрып талқандады, деп хабарлайды KYN.KZ. «Балаларымыз үйде мұздап қалды» деп шағымданған тұрғындар үрлесең ұшқалы тұрғаны шатыр мен құлаудың алдында тұрған үйден қыстай дірдектеп шығамыз дейді. «Тұран-2» ықшамауданындағы баспаналар екі жыл бұрын салынса да, құрылысы бітпеген үй сияқты. Жылыту жүйесі істеп тұрғанмен, жылу дарымайды үй ішіне. Пәтер ішіндегі ауа температурасы 10 градустан аспайды. Суықтан өздері тоңып, жүйкесі тозған халық үй қабырғаларының жұқалығы мен жел азынайтын тесіктерді көрсету мақсатында отырған баспаналарының ішкі-сыртқы қабырғаларын қиратып тастады. «Құбырдан еш жылу келіп жатқан жоқ. Қабырғаны ұстасаңыз, кәдімгі даладағы қабырғаны ұстағандай боласыз. 6-дан жоғары тышқан тесіп тастаған. Үйдің ішінде емес. Қабырғаның ішінде жүр. Айтсақ, дәрі тастаңыз дейді. Е, ол дәрі тастағанмен, ішінде өліп қалса, сасиды ғой. Мынаны дұрыс қаптамаған. Дұрыс істемеген», - дейді қала тұрғыны Салтанат Балабаева. Тұрғындардың әлден тозып жатқан үй қабырғаларын қиратып жатқанын естіген шенеуніктер мен үй салған құрылысшылар жетіп келді. Олар үйдің қапталуы жоспарға сай болса да, кемшілік бар екенін мойындап, «кемшін тұсын түзетеміз» деп отыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар