Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Министрлер "Орныңызды босатасыз ба?" деген сұраққа себебімен жауап берді

Министрлер  "Орныңызды босатасыз ба?" деген сұраққа себебімен жауап берді
ашық дереккөз
Смайылов осыған жейін қолынан іс келмейтін әріптестеріне "орынды босатыңдар" деген еді
Жаңбырша жауған сынның астында қалған министрлер өздеріне «орнын босатсын» деген Әлихан Смайыловтың сөзіне жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Бүгінгі Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов министрлер шешім қабылдауда батылдық таныту керек деп мәлімдеп, «біздің жұмысымыздың нәтижесін қазақстандықтар сезінуі керек. Талап өте жоғары. Ал қолымнан келмейді, шешім қабылдай алмаймын деген әріптестеріміз қазірден орнын босатуы керек», - деген еді. Смайыловтың министрлер кабинетін мұның алдында президент сынаған. Оның алдында мемлекет бастшысы да Әлихан Смайыловқа сұрақ қойып, нақты жауап алғысы келетінін айтқан. «Мен Премьер-Министр Әлихан Асханұлы Смайыловтан шынайы жауап алғым келеді. Жалпы, жаңа жылға Үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма? Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру Үкіметтің қолынан келе ме?» - деп сұрады президент Әлихан Смайыловтан. «Мен өзіме тиесілі жұмысты жасап жатырмын. Қазір де денсаулық сақтау саласына байланысты көрсеткіштер былтырғымен салыстырғанда жақсарып келеді. Сондықтан егер мемлекет басшысы сондай шешім қабылдайтын болса, қабылдай берсін. Қазір мен қызметімді жалғастыруға дайынмын», - дейді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. «Оны мен шешпеймін ғой. Оны басшылар шешеді. Мен бүкіл күшімді саламын. Қызметімді жалғастыруға дайынмын», - деп жауап берді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев. «Министрлердің өз лауазымынан кетіп, басқа жұмысқа тағайындалуын мемлекет басшысы шешеді. Біз оған алаңдамай, өзіміздің нақты жоспарымызбен жұмысқа кірісіп жатырмыз», - дейді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев. «Әркім өз орнында, әсіресе, бірінші басшы болса, жауапкершілікті толығымен сезініп, заңға сәйкес шешім қабылдайды», - деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. https://youtu.be/Oi67lyH146I
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар