Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үш баланы артынша өзін асып өлтірген отағасының әрекетіне не себеп болғаны айтылды

Үш баланы артынша өзін асып өлтірген отағасының әрекетіне не себеп болғаны айтылды
ашық дереккөз
Үш баласынан айырылған әйелдің әпкесі бар шындықты жайып салды
Маңғыстау облысында үш баласын  асып өлтіріп, соңында өзіне қол салған отағасының оқиғасы қоғамда қызу талқыға түсті. Бүгін қара жамылған келіншектің әпкесімін деген әйел желіде қайғылы жағдайға ненің себеп болғанын жайып салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. " Ол оқиға ешқандай саясаттың кесірінен болған жоқ. Бұл менің туған немере сіңлімнің отбасы. Күйеуі нашар адам болды. Ішіп ұратын. Сіңлімнің артынан еріп барған 15 жасар қызы бар еді. ол соны зорлаған. Түрмеге түспес үшін өзіне солай қол салды. Ол сіңлімнен балаларды қызғанып, осылай өзімен алып кетті. Балаларынан айырып сіңлімді зарлатып кетті. Ана, үлкен қызының өмірін бұзды",-дейді әйел. Бұл жөнінде есімін жасырған келіншек журналист Гүлмира Әбіқайға жазған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар