Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Асқар Забикулиннің оқып аяқтай алмаған кітабындағы соңғы жолдар көпшілікті ойландырып қойды

Асқар Забикулиннің оқып аяқтай алмаған кітабындағы соңғы жолдар көпшілікті ойландырып қойды
ашық дереккөз
Асқардың әйелі күйеуіне берілген I дәрежелі «Айбын» орденін ала отырып, халыққа тылсымға толы сәйкестікті көрсетті
Адамдарды ажал аузынан аман алып қалып, өзі мерт болған бүгінгі күннің батыры, марқұм өрт сөндіруші Асқар Забикулин I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Бұл туралы марқұмның жұбайы Анель Забикулин әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. «- Құтқару үшін маған тек осы жол қалды. - Қандай құтқару? - Әлемді құтқару үшін (Шыңғыс Айтматов «Плаха»)  width= Күйеуімнің соңғы оқып бітіре алмай кеткен кітабы. Тоқтаған жерінен ашып, оқып едім. Денем түршігіп кетті.  Бұл не сонда? Белгі ме? Тағдыр ма? Әлде кездейсоқтық па? Оның мақсаты мен миссиясы әлемді құтқару болды ма? Асқардың өте ержүрек екенін, отқа еш қорықпай, батылдықпен баратынын бәрі жақсы біледі. Өз ісінің маманы. Өз жұмысын жақсы көрді және сол үшін жанын қиды. Ал 16 қараша күні, сәрсенбіде ол «қорғаныш костюмын» еш ойланбай киіп, отқа қарай бет алды. Мұндай адамдар мың жылда бір рет туады. Ал бүгін жанқиярлығы үшін I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Оның орнын ештеңе де, ешкім де толтыра алмайды. Алайда Алла Тағаланың шын мәніндегі жоғары наградасымен салыстырғанда бұл ештеңеге тұрмайды. Отқа бет ала отырып, мәңгіліктікке аяқ басты. Отқа бет ала отырып, халықтың жүрегінде қалды».
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар