Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбыл облысында әскери қызметкер алдынан шыққан бірнеше әйелдерді соққының астына алды (видео)

Жамбыл облысында әскери қызметкер алдынан шыққан бірнеше әйелдерді соққының астына алды (видео)
ашық дереккөз
Ең соңында есігін ашқан әйелді оңдырмай ұрған сәтте оның күйеуі әскериді ұстап алып, полиция шақырған
Жамбыл облысындағы Құлан ауылында сарбаз бірнеше әйелді ұрып-соқты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Рысқұлов аудандық полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 12 желтоқсан күні аудандық полиция бөліміне әскери киімдегі белгісіз ер адамның Құлан ауылындағы үйлерге кіріп, тұрғындарды ұрып-соғып, зақым келтіргені жөнінде хабарлама келген. «Анықталғандай, ер адам кешкі уақытта алдымен үй ауласында орналасқан дүкенге кіріп, 45 жастағы әйелдің бетіне соққы жасаған. Содан соң осы көшеде орналасқан тағы екі пәтерге бөлек кіріп, алдынан шыққан 45 және 43 жастағы әйелдерді ұрып-соққан. Соңғы әйелдің үйіндегі жолдасы аталған ер адамды ұстап, полиция қызметкерлерін шақыртқан. Шақырту бойынша шұғыл жеткен сақшылар 22 жастағы әскери қызметшіні полиция бөліміне жеткізіп, тиісті жедел іс-шаралар жүргізді», - делінген хабарламада. Дерек бойынша, Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаменті ҚР ҚК-нің 149-бабы 2-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. https://youtu.be/uebtNcy5OqY
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар