Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жезқазғанда мектеп бітіру кешіндегі кикілжің өліммен аяқталды

Жезқазғанда мектеп бітіру кешіндегі кикілжің өліммен аяқталды
ашық дереккөз
Жезқазғанда кісі қолынан қаза тапқан мектеп түлегінің туғандары күдіктінің қамалмағанына наразы.
Олардың айтуынша тергеу кезінде үйқамаққа ғана алынған 18 жастағы күдікті жеңіл жазамен құтылып кетуі мүмкін. 17 жастағы марқұм Константин Даниловтың туғандары қорғаушы жалдап, күдіктіге тиісті жазасын беруге бел байлаған екен. Олар ұлдарынан мектеп бітіру кешінен кейін-ақ, көз жазып қалды. Оның көкала қойдай болған өлі денесі ертеңінде орталық саябақтан табылған. Полиция қылмысқа қатысты оның құрдасын ұстады. Бірақ оны темір торға қамамай, үйқамаққа алыпты. Тергеушілер қазір сот медициналық сараптама қортындысын күтіп отыр екен. Ал марқұмның туыстары қылмыс дәлелденсе, күдіктінің тиісті жазасын алуын талап етеді. "Өлім туралы анықтамасында басынан көп соққы алғаны айтылған. Жерлеу кезінде көрдік, баснынан сау тамтығы қалмапты. Сондықтан оның басын түгелдей шүберекке ораған күйі жерледік.",-дейді  марқұмның әжесі Татьяна Данилова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар