Басты жаңалықтар
«Басында Айгүлді «өтірікші» дедім»: Құралай ханым әнші Айгүл Елшібаевдан кешірім сұрады
- автор kyn.kz
- 15 желтоқсан, 2022
- 922
Бұған дейін бір-бірімен әлеуметтік желіде ашық түрде алысып келген белгілі коуч Құралай ханым мен Айгүл Елшібаеваның арасындағы келіспеушілік дүйім жұртқа белгілі. Жақында ғана Меккеге қажылыққа барған Құралай ханым жылдар бойғы қателіктерін мойындап, Елшібаевадан әлеуметтік желіде кешірім сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Танымал коуч осыған дейін адасып келгенін, оның қателігін көрген әншінің өзін жөнге салғанын айтады.
«Үш жылдан бері мені жөнге салам деп шырылдаған алтын Айекемнен де кешірім сұраймын. Басында Айгүлді «өтірікші» дедім, ортасында «мені көре алмай жатыр» дедім,
Кейін игнор жасап байқамауға тырыстым. Міне, бүгін Алланың алдында да, адамның алдында да сенікі дұрыс деп жылап кешірім сұраймын, Айекем! Мен секілді адасқан пенденің орнын көрсетіп, қасқайып тұратын қайсар мінезіңнен айналдым, Айекем! Ғасырдан келе жатқан қасиетті Қазақ өнері мен Аналар аманатын қатар алып, елім адаспасын, халқым шатаспасын деген мінезіңе басымды идім, Айекем! Өзің айтқандай адасып жүрген қалаш едім, осы үш жылда өткір тіліңмен мені сілкілеп-сілкілеп, нағыз Құралай Ханым жасадың! Ешбір коуч, психолог, тренер маған сендей сабақ үйрете алмады. 20 жыл бойы, сенің тегін үйреткен сабағыңды миллиондар төлеп таппай жүрген едім. Мың алғыс, Айекем!
Нағыз батырсың! Жанымды емдеуші, Алламды танытушы, есімді жинатқан Айгүлім бұл жақсылығыңды мәңгі ұмытпаймын. Осы сапарымда Қағбаны алғаш көргенде өзің үшін де дұға тіледім. Өнерің өрге жүзсін. Аллам күміс көмейіңе Қазақ тарихында хит болып қалар, ұрпағымыз ұран қылып шырқар әдемі ән сыйласын. Бақ-берекең артып, бай-қуатты бол! Өз атымнан саған ат мінгізем, ҰЛЫ ҰСТАЗЫМ», - дейді ол.