Басты жаңалықтар
«Мен оған ұстаз болатындай ведьманың дуасын үйреткен жоқпын»: Айгүл Елшібаева өзінен кешірім сұраған Құралай ханымға сенбейтінін айтты
- автор kyn.kz
- 15 желтоқсан, 2022
- 302
Әнші Айгүл Елшібаева өзінен кешірім сұрап, 3 жылдық дауға нүкте қойған коучқа сенбейтінін, оның жариялаған жазбасын көргенде еш қуанбағанын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ. Әнші коучтың шынайылығына күмәнданып, оның өтірік әңгіме жазып отырса да таң қалмайтынын айтады. Оның ойынша, сұраған кешірімі сенімді болу үшін «енді болашақта осы сабақтарды үйретпеймін» деп жазуы қажет.
«Шайып кетем, сайып кетем, қайқып кетем, тайып кетем, бөсіп кетем деген Құралай ханымға қалай сенем? Баяғыда «ведьмамын» деп жазғанда шошып кеткен едім. Мастер Сюцай-буддизмнің Раджа иогадан тарайтын ведалық нумералогия саласының шебері Құрапамның, исламның Қағбасынан бір шыққаны қызық болды. Мен Алла деген адаммын. Пайғамбарымыз дуаға қарсы болғасын, ведмалардың 40 ине шаншатын дуасын үйретпе, 40 күн дұға деген өзіңнің баюыңа арналған абжатты үйретпе, гипноз шамбалы деген - бай адамның энергиясын сор деп, буддистердің иогасы, тектану, тазалау деп - ата бабаның суретіне иілу, Правдинаның мантрасын, буддизмнің чакрасын насихаттауды енді қоямын, елді адастырдым, халық мені кешірсін - деп шарт қойдым. Енді болашақта осы сабақтарды үйретпеймін, -деп жазбапты.
Мені ұлы ұстазым, - депті. Ұлы деп Аллаға айтылады. Мен оған ұстаз болатын, абжат, ведьманың дуасын, буддистердің мантрасын, сютсайды үйреткен жоқпын. Аулақ жүр. Құралай мыстанның ұстазы деген аттан Алла сақтасын. Ұстазың сенің - мантрамен қатындарды уілдеткен Правдина еді ғой.
Құралай, өзіңнің кінәңді мойындаған екенсің, қатындарды теріс үйретіп елден жинаған ақшаларыңа жын кіріп емші іздеп дем салдырған қатындарды емдетіп, сауабын ал. Маған берген атың сол болсын. Алдыма келіп иілген дымың жоқ, мен сені көрмегелі 3 жыл болды, Құрапа. Публикаға өтірік ойнаудың қажеті жоқ деймін. Жынданып кеткен ем іздеген қатындардың видеосы @gulshary_sagimbaeva сақталған видеосынан көріп алыңдар. Сендерге дем салған молдаға, тағы бір молда дем салмаса ауырлау сияқты. Сау болыңдар, 3-жылдық концерт аяқталды. Алла тура жолдан айырмасын», - дейді Айгүл Елшібаева.