Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда балабақшаларға бүлдіршіндер 2 жастан қабылданатын болды

Қазақстанда балабақшаларға бүлдіршіндер 2 жастан қабылданатын болды
ашық дереккөз
Бұған дейі 3-6 жастағы балаларды қамтып келген мемлекеттік балабақшалар енді бүлдіршіндерді 2 жастан бастап қабылдайтын болды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеп, балабақшалар жұмысына қатысты басқа да өзгерістерді атады. «Ол үшін балабақшаларда жаңа орындар ашу жоспарда бар. Келесі жылдың өзінде биылмен салыстырғанда орын 2,5 есеге көп ашылатын болады. Толығымен бюджетпен қамтылып отыр. Жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі өзгертіледі. Балабақша қызметінің сапасын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданады», - дейді министр. Жаңалықты аналар қуана қабылдаған аналар балабақшалардағы қызмет сапасының арттыруға қатысты бұйымтайларын айтты. «Қазір менің қызым 7 айлық. Жаңалықтан 2 жастан балалақшаға беруге болатынын есітіп, қуанып отырмын. Тек, балабақшада тамақтын сапасын арттырып, жақсы жақсы тәрбиешілер жұмыс істесе, біз балаларымызға алаңдамай жұмыс істейтін едік», - дейді жас ана Тоғжан Тасболатқызы.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар