Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сарапшылар Қазақстанда үй бағасы бұрын-соңды болмаған бағаға өсетінін айтты

Сарапшылар Қазақстанда үй бағасы бұрын-соңды болмаған бағаға өсетінін айтты
ашық дереккөз
Азық-түліктен бастап барлық тұрмыстық заттардың құны қымбаттап жатқанда баспана бағасы да қарап қалған жоқ. Соңғы 10 жылдық көрсеткіш бойынша жаңадан салынған тұрғын үйлер бағасы 85 пайыз, ал қолданыстағы үйлердің бағасы 112 пайызға шарықтаған. «Бұл көрсеткіш қай жерге дейін барады, биыл төмендей ме, әлде тағы да көтеріле ме» деген мәселенің басын ашып берді сарапшылар, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Қазақстанды жылжымайтын мүлік нарығында күрделі кезеңдер күтіп тұр. Жаңа жылда салынатын тұрғын үй саны азаып, құрылыс компаниялары банкротқа ұшырап, пәтер бағасы бұрын-соңды болмаған бағаға өседі. Үй нарығында жүрген мамандар мен білікті экономистер осындай болжам жасады. Олардың айтуынша, мемлекетке тұрғын үй нарығындағы бағалардың түсіп кетпеуі маңызды. Баға түсіп кетсе, дағдарысқа алып алып келуі мүмкін. «Көптеген құрылыс компаниялары банкрот болады, жұмыссыздық өршиді. Өйткені, құрылыс нарығында өте көп азаматтар уақытша болса да жұмыс табады. Бұл әлеуметтік жағдайға бірден соққы болады. Сондықтан мемлекетте бағалардың қатты түсіп кетуіне ынталы емес», - дейді экономист Мақсат Халық. Мамандар халықтың қаржылық жағдайы әлі де оңала қоймаған соң, тек қазір тек бағдарламалардың арқасында ғана жаңа үйлер несиеге болса да сатылып жатқанын жеткізді. Ал қолданыстағы үйлерге сатып алушылар арасында қызығушылық жоқ, өтпей тұр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар