Басты жаңалықтар
Шымкентте Асылбековтан қысым көрдім деп Тоқаевтан көмек сұраған дәрігер қудаланып жатқанын айтты (видео)
- автор kyn.kz
- 15 желтоқсан, 2022
- 269
Дәрігер: Емделушім хабарласып, маған арандату әрекеттері дайындалып жатқанын ескертті
Шымкент қаласындағы № 4 поликлиникада бас дәрігердің қызметін атқарушы міндетіндегі Нұрбекова Гүлмира "Ащы шындықты" Республика көлемінде жайып салғаным үшін қудаланып жатырмын" дейді. Ол бұған дейін қалалық Денсаулық сақтау департаменті басшысы Нұрлыбек Асылбеков тарапынан түрлі қысымдар көріп жүргенін айтып, президент Қасым- Жомарт Тоқаевтан әділдік жағын қолдап, өзіне араша сұраған еді.
Бұл туралы KYN.KZ тілшісі дәрігердің инстаграм парақшасына @nur_guma21 сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бүгін желідегі парақшасына жаңа видео жүктеген дәрігер, өз құқығымды қорғап, шындықты айтқаным үшін сыртымнан арандату әрекеттері ұйымдастырылып жатыр дейді.
" Менің үндеуімнен кейін құзырлы мекемелер хабарласып, мені Есенбеков Серкебай есімді азамат кездесуге шақырды. Бірақ, сол кездесу екі тарапты татуластыруға емес керісінше қандай да бір есеп үшін ұйымдастырылғанын түсіндім. Бүгін жұмыс уақытында өзімнің қазіргі қызметімнен шеттетіліп жатқанымды түсіндім. Себебі Департаменттен емханамыздың дәрігері шақырту алды.
Сұрастырып білгенімде ол кісі өткен күнтізбе яғни Желтоқсанның 9-ы күнімен жаңа приказ шығарылып, бас дәрігердің міндетін атқарушы қызметіне тағайындауға ұсынылып жатыр екен. Бұның барлығы маған ресми еш тараптан ескертілмеді. Не дегенмен қазір бас дәрігердің жауапкершілігі менің мойнымда. Бұдан бөлек, бейтаныс номерден маған хабарласып, пара түрінде тағыда басқалай арандату әрекеттері ұйымдастырылып жатқанын айтты",- дейді дәрігер.