Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

15 жасында балалы болған 8-сынып оқушысын ата-енесі үйінен қуып жіберді

15 жасында балалы болған 8-сынып оқушысын ата-енесі үйінен қуып жіберді
ашық дереккөз
14 жасында зорланған қызының жүкті екенін ауруханада бір-ақ білген анасы Әсия Магнатқызы ақиқатты естігенде есінен танып қалған. Ол «сабақтан бас алмайды» деген Перизаттың жігіттермен әуей болғанын байқамағанын айтады, деп хабарлайды KYN.KZ сайты «Көреміз» тележобасына сілтеме жасап. Қыз бен жігіт болып көңіл жарастырып жүрген күндердің бірінде 17 жастағы Рахымжан Перизатты соққының астына алып, тепкен. Аудандық ішкі істер бөлімшесіне түскен Әселдің жағдайына қарап, оны ауруханаға жіберген. Ал ауруханада құрсағында 2 айлық баласының бар екенін білген Перизат Рахымжан баланың өзінен екенін мойындамай, тіпті өзін танымаймын дегенін де жасырмады. Ата-анасының қара бет болғанын қаламаған қыз Рахымжанға айтып жүріп құлағына сырға салдырған. Іс насырға шаппасын деп жігіт қыздың құлағына сырға, басына ақ орамал салып үйіне алып келеді. Абысындары түртпектеп күн көрсетпей, тіпті күйеуі ұратын көрінеді. Көңіл қосқан жігітіне асыққан қыз ақыр соңында қайынжұртынан безінген. «Аяғым ауыр кезде ұйқыға жерік болып, көп ұйықтайтынмын. Соны айтып тиісетін еді. Басқа келіндерін айтып, солармен жиі салыстыратын. Балама да қараған жоқ енем. Балама бір жасына дейін берілетін жәрдемақысын қолыма ұстатқан жоқ. Ата-енем өздері алып алды. Барлық келіндерінен осылай немерелеріне берілетін ақшаны алатынын айтты. Оқушы келінінің кәмелет жасына толуын күткен ата-ене арада үш жыл өткен соң немересінің өздерінікі екендігіне күмәндана бастаған. 18 жасқа толған Перизат түнде құрбылармен қыдыруды әдетке айналдырғанын айтады оқушы келіннің қайынатасы. «Келінімді ұлым да, мен де сыйладым. Жүкті кезінде көлігіме салып алып, жегісі келген тамағын таңдап жүріп алып беретінмін. Ұлым екеуі алғашында түнімен ұйықтамай, бала секілді ойнап жүретін. Келіннің мінезі бар. Ұлым екеуі келісе алмай қалған күндері де болды. Сондай сәттердің бірінде баланың Рахымжаннан емес екенін айтқан. Оны естіген балам бір түрлі болып қалды. Келіннің айтып отырған ақшасының бір тиынын да алған емеспіз. Ақша түсетін карта өзінде. Тіпті біз қолына ақша ұстататынбыз», - дейді қайынатасы Күнту Жақсылықбайұлы. Бірінші күйеуі Оразбай қайтыс болған Әсия Магнатқызы жарының қазасынан соң Ақтөбеге кетеді. Ол жерде бір ер адамды жолықтырып, сонымен көңіл қосады. Алайда бақытты болам деп таңдауы түскен азамат сол уақытта 13 жаста болған, 15 жасында ана атанып отырған қызы Перизатты өзі жұмыста жүргенде қорлайтын болған. Салдарынан 13 жасар Перизат рухани жарақат алып, психодиспансерде біршама уақыт ем алған. Ал қызға жыныстық зәбір көрсеткен 1978 жылғы азамат 17 жылға сотталған. Сонымен 3 жастағы Хамзаның әкесі кім екенін әзірге белгісіз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар