Басты жаңалықтар
Жас келін: Күйеуімнің досы "Интернет жезөкшелікпен айналысқанымды" біліп қойды
- автор kyn.kz
- 17 желтоқсан, 2022
- 941
Келіншек: Мен ондай жұмысқа білмей барып қалдым, мені сол жердегілер мәжбүрлеген еді
KYN.KZ сайтына өзін Назерке деп таныстырған бойжеткеннен өз өміріне қатысты құпияны ашқан хат келді. Назерке өз хатындағы басынан өткен жағдайды өзге қыздар қайталамаса екен деген үмітпен жолдаған.
Сөзінше студен кезінде оқу ақысынан бөлек қосымша табыс тауып, жақсы ішіп-жегісі келген. Ғаламтор арқылы жұмыс іздеп, интернет жезөкшелікке салатын жеңгетайлардың қармағына түсіп әрең құтылған.
"Мен Алматыдағы ең жақсы деген бетке ұстар университеттердің біріне грантпен түсіп, шәкіртақыдан қағылмай төрт жыл бойы жақсы оқып, қызыл диплом алған қызбын. Өзім оқыған мектепте абыройлы болдым. Мектептен бастап алғыр, пысық болатынмын.
Оқуға өз күшіммен түсіп, ол жерде де ортама сыйлы болдым. Ұстаздарым талабыма қарап жоғары бағалады. Үшінші курс оқып жүргенде қасымдағы қыздар даяшы болып, сатушы болып ақша таба бастады. Мен де көштен қалмайын деп сабақтан тыс уақытта даяшы болуға бекіндім. Алматының төріндегі танымал Караоке бармен келісіп, жұмыс сағатымды да анықтап алдым. Ағылшын тілін дұрыс білгендіктен маған жақсы айлық беріп, бастығым ерекше жағдай жасады. Шетелдік қонақтарды күтуге бейімделдім.
Сөйтіп жүргенде үнемі келіп тұратын қонақтар легін де біліп алдым. Бір күні бастығым, "Келген қонақтардан тапсырыс алып, қалауларын біл, қастарында аударып отыр" деген тапсырма берді. Олардың қасында сылаңдаған қыздар болды. Бірақ ол қыздарда шаруам жоқ, мен өз міндетімді атқаруым керек деп білдім. Осындай бірнеше кештерде аудармашы болып жүрдім. Бір күнге 20 мың теңгедей беретін.
Бір күні бастығым сол әрдайым келіп жүрген қонақтарға жұмсады. Барғанымда олар караоке экраны арқылы бір кісілермен сөйлесіп отыр екен. Қытай тілінде сөйлесті. Түсінбедім. Төрт жігіт бір кезде маған тиісе бастады. Киімдеріме жабысып, шешіп тастады. Ішкиіммен қалдырды. Жылап, есікке ұмтылдым. Ешкім келмейді, есік кілттенген. Олар мені зорлады деп айта алмаймын.
Сол шешіндіріп, экран арқылы сөйлесіп отырған адамдарға көрсетті. Өз тілдерінде күліп, жарты сағаттан астам уақыт видео байланыста болды. Соңында караоке қонақтары кетті, мен жалаңаш қалдым. Киініп әкімшілікке келсем ешкім түк болмағандай ештеңе білмейді. Қалыпты жұмыстарын жасап жүр. Мен дереу жатақханаға барып, бірге тұратын құрбыма айттым, жыладым.
Енді үш күн өткенде ғой деймін, менің почтама сол сәттің видеосы келеді. Жұмысқа шықпасам сол видео ғаламторда тарайтынын айтады. Одан әрмен қорқып, тіпті депрессияға түсіп кеттім. Жұмысқа барсам ешкім осы сәттен хабарсыз. Барлығы әдеттегідей, түк болмағандай қарым - қатынаста.
Бұдан былай жұмыс істемейтінімді айттым, барлығы келісіп отыр. Бірақ, электронды почтамды қарасам ресейлік ақылы сайтта менің жалаңаш түрім, экраннан тамашалаған, қасымда тұрған бейтаныс еркектермен отырған сәтімнің видеосы ілінген. Сол сайт әкімшісіне жазып жауап та ала алмады. Арада екі жыл өткенде тұрмысқа шықтым.
Күйеуімнің жақын деп айта алмаймын, араласатын досы маған келіп "Сені порно сайттан көрдім" дегенді айтқанда жүрегім тас төбеме шықты. Енді ол жағдайды күйеуімнің құлағына жететін болса ол маған өмір бойына сенуден қалады. Сондай жағдай болып еді деп айтайын десем, тағы қорқамын. Не істерімді білмей басым қатты.
Қазір тіпті менің видеомды көрген жігіт бопсалап жүрмесе екен деген қорқынышым да бар. Оны өз туыстарым, күйеуімнің туыстары біліп қалса қайтемін деген ой менің жанымды жеп, ұйқымды қашырып бітті. Студент қыздар мен сияқты алданып қалмаса екен деймін. Шын мәнінде осындай жағдайді біреу маған айтса сенбес едім. Әсіресе қыздар сақ болса екен",-дейді KYN.KZ сайтына хат жазған бойжеткен.
Құрметті оқырман, өзі өміріңізде болған шынайы оқиғаларыңыз болса редакциямызға жолдаңыздар. Телефон номер, Вотсап: +7 777 084 09 65 Егер ол өзгелерге сабақ боларлықтай жағдай болса, жариялауға дайынбыз.