Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбелік 5 баланың анасы: Әкімдіктегілер мені алаяқ, әдемі үйде тұрады, үнемі қайыр сұрап жүреді деп кемсітті

Ақтөбелік 5 баланың анасы: Әкімдіктегілер мені алаяқ, әдемі үйде тұрады, үнемі қайыр сұрап жүреді деп кемсітті
ашық дереккөз
Ақтөбелік әйел балалары үшін қарызға батып, үй салғаны үшін өзін әжуалаған әкімдікке ренжулі
Бес баланың анасы  Индира Иқтиярова  Ақтөбе олыстық әкімдігінде қызмет ететін басшылар өзін келемеждеп, желіге жалған ақпарат салды деп есептейді. Сөзінше, басында 11 млн теңге көлемінде қарызы бар. Айына 500 мың теңге несие төлейді. Соңғы кездері несиесін төлеуге шамасы болмағандықтан үйін банк бұғаттамақ болған.  Индира осы сәтте араша сұрап, Ақтөбе қаласы әкімдігіне барғанда ол жерде әкім болмапты. Облыстық әкімдікке барған кезде мекеме қызметкерлерінің арандатуына түсіп қалдым дейді. Бұл туралы  Индира Иқтиярованың өзі  KYN.KZ сайтына хабарласып, мәселемді президентке жеткізіңіздер деген өтініш айтты. "Тура қазір мен бес баланы жалғыз асырап отырмын.  Банк, жылдам несие дегендерді қосқанда 9 орынға айына 1 млн теңгеден астам қарызымды төлеймін. Бес баланың азық  - түлігі коммуналдық төлемдерді қосқанда, өзімнің балалардың киімдерін қосқанда ай сайынғы шығыным өте көп. Қарызданып, үй салмасыма да болмады. Бес балаға дұрыс ұйықтайтын жер керек. Мен әкімдіктен қайыр сұрап емес, жұмыс істеп ақшаны төлейін, үйімді  аресттен құтқарыңыздар деп бардым. Бұл кісілер менің үйімді түсіріп "Осындай әдемі, қымбат үйде тұрады. Әкімдікке келіп шу шығарып, қайыршылықпен айналысады" деп айыптаған. Ол аз дегендей Облыстық әкімдік қызметкерлері  көпбалалы аналарды жинап митинг ұйымдастырды, шу шығарып тәртіпсіздік жасады, полицияға бағынбады деп арыз жазған. Енді міне кеше сот болды. Маған 110 мың айыппұл салып отыр. Құрметті президент мырза, Жаңа Қазақстан осы ма?",- дейді Индира Иқтиярова
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар