Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маңғыстауда Бейнеу айналым депосының жұмысшылары басшыларының жұмыстан кетуін талап етуде (видео)

Маңғыстауда Бейнеу айналым депосының жұмысшылары  басшыларының жұмыстан кетуін талап етуде (видео)
ашық дереккөз
Бір топ жұмысшы уәждерін айтып, президент пен ҚТЖ басшысына видео үндеу жолдады
Маңғыстау облысына қарасты  Бейнеу  айналым  депосының ұжымы басшылары  Ержанов  Силхан Нағашыбайұлы құқығымызды бұзды деп, оның өздерін  басқаруына қарсы шықты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚТЖ асшысына  бейне үндеу жолдап, мәселелерін шұғыл шешіп беруді сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Біздер Бейнеу айналым депосының ұжымы Маңғыстау локомотив пайдалану депосының бастығы лауазымына Ержанов Сиылхан Нагашыбайұлын тағайындауына қарсымыз.
 Ол кісі басшылық қызметін атқарған уақыттағы заңсыз әрекеттері, жұмысшыларды төмен дәрежеде санап менсінбеу, өз лауазымдық міндетін асыра пайдаланып дөрекі қылықтар көрсетуі,  оның ішінде Бейнеу айналым депосының кадрлік даярлауға аса мән бермеуі , еңбек өтілімінің айырмашылығына қарамастан жекелеген жұмысшыларды кезектен тыс дайындық курстарына жіберуі, тума-туыстарының жұмысқа қабылдануы т.б әртүрлі жағымсыз қылықтары ұжымның есінде.
Сондықтан осы лауазымды атқаруына наразылығымызды білдіреміз, жұмысын жалғастыруды қолдамаймыз. Талап біреу, тілек біреу -ол осы лауазымдық міндетті атқаруға басқа тұлғаны тағайындасын. Ол орыс болама, неміс болама онын ұлты, діні, руы, туған жері, басқада түр-түсі маңызды емес.
 Әділетті Қазақстанды қолдайтын жоғарғы лауазымдағы тұлғалар халықтын үніне құлақ асып, талабымызды орындайды деп сенеміз. Ал орындалмайтын болса тиісті мекемелерге наразылық хатымызды жазуды, Қазақстан Республикасынын президентіне, ҚТЖ басшылығына видио жолдауымызды жариялауды тоқтатпаймыз.
 Сонымен қатар осы талабымыз ҚТЖ тарапынынан тиісті шаралар қолданып үніміз басшылыққа жетсе дейміз",-делінген KYN.KZ редакциясына жұмысшылар атынан  жолданған хатта.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар